Шымкентте 35 мың адамға арналған жаңа стадионның құрылысы басталады
Шымкентте жаңа стадионның іргетасын қалау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Іргетасына алғашқы тас қалау рәсімі 28 маусым күні сағат 11:00-де Тұран – 2 шағынауданында өтеді. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, футбол жұлдыздары мен танымал блогерлер және спорт жанкүйерлері қатысады.
35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ, әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.