logo

Бүгін футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді

Бүгін футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді

25 ақпанда футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді, ойында «Ордабасы» (Шымкент) vен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездеседі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Суперкубок ойындары биыл 19-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. 

Қазірге дейін финалда он команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» он мәрте финалда ойнап, бес мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, екеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал «Ақтөбе» 3 (2008, 2010, 2014), және «Тобыл» (2021, 2022) 2, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Сондай-ақ, «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.



Күн шежіресі