«Ордабасы» ФК президенті денсаулығына байланысты қызметінен кетті
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оның мұндай шешім қабылдауына денсаулығы себеп болған.
Бұл ақпаратты футбол клубының баспасөз қызметі растады және оған ұжым атынан еңбегі үшін алғыс айтты.
«Бауыржан Тойшыбекұлы клубқа қиын кезеңде келіп, екі жыл ішінде команда Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпиондығына қол жеткізді» делінген футбол клубының мәліметінде.
Еске салсақ, Бауыржан Абдубаитов «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметіне 2022 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.
Қазақстан Премьер-лигасының өткен маусымында футбол клубы тұңғыш рет чемпион атанды.