«Ордабасы» гамбиялық ойыншымен толықты
Шымкенттік «Ордабасы» гамбиялық 25 жастағы шабуылшы Дембо Дарбомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Дембо «Шкупи», «Шахтер Солигорск», «Аль-Наср» (БАӘ), «Астана» клубтарында өнер көрсетті. 2020/21 маусымында ол 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді және гол+пас жүйесі бойынша Беларусь чемпионатының үздік бомбардирі және ойыншысы атанды.
Өткен маусымда Дембо Дарбо «Астана» сапында 42 матчта 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген Еуропа кубогының топтық кезеңіне шықты.