«Спортинг» желтоқсаннан бері Примерада жеңілмей келеді. «Эштрела» – «Спортинг» матчының тікелей эфирі

Португалия чемпионатының көшбасшысы «Спортинг» 2024 жылдың желтоқсан айынан бері Примерада жеңіліс көрмей келеді, сол себепті турнир кестесінде бірінші орында тұр. Дегенмен Лиссабонның тағы бір клубы — «Бенфика» өкшелеп келеді.
«Эштреламен» болған қарсыластыққа келер болсақ, астаналық команда жеке кездесулерде қатарынан 11 матчтан тұратын жеңісті серияға ие.
Осы кездесулердің бірі биылғы маусымда өтті. Лиссабондықтар қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Келесі ойын 29 наурызда өтеді. Матчтың басталуы — 23:00.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.