logo

Sport Plus Qazaqstan «Астана» — «Бранн» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Sport Plus Qazaqstan «Астана» — «Бранн» матчын тікелей эфирде көрсетеді

29 тамызда Алматы орталық стадионында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Астана» УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінде Норвегияның күміс жүлдегері «Браннмен» бақ сынасады.

Норвегиядағы алғашқы матч қожайындардың жеңісімен аяқталды — есеп 2:0, бірақ «Астананың» бас бапкер астаналықтар Скандинавиядан келген қонақтарға қарымта ойынды қиындықтар туғызуға уәде берді.

Григорий Бабаян бірінші матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында: «Біз жанкүйерлеріміздің алдында қарсыластың келесі кезеңге өтуін қиындату үшін бар күшімізді салуымыз керек», — деді.

Матч сағат 19.00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan арнасынан, сондай-ақ біздің телеарнаның YouTube-арнасынан және www.sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.