logo

Париж олимпиадасының чемпионы медалін сындырып алды

Париж олимпиадасының чемпионы медалін сындырып алды

Америкалық футболшы Линн Уильямс алтын медалін сындырып алған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Футболдан АҚШ құрамасының және «Готэм» клубының ойыншысы Линн Уильямс TikТok желісіндегі ресми парақшасында Олимпиадада жеңіп алған алтын медалін абайсызда сындырып алғанын мәлімдеді. 

Линн Уильямс достарымен бірге медальді мойнына іліп алып билеп жүргенде, ол жерге құлап, салдарынан лентамен жалғасып тұрған бөлігі сынған, одан қалды медаль майысып қалған. 

Уильямс бұл жайында Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) хабарлаған. ХОК жуық арада оған жүлдені ауыстырып береді екен. 

«Медаль сапасы жақсы болуы керек деп ойлаймын. Ол берік материалдан жасалуы керек еді», - деді Линн Уильямс. 

Бұған дейін Парижде үштікке енген боксшы Назым Қызайбай мен дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев та медаль сапасы туралы айтқан.



Күн шежіресі