logo

Роман Муртазаев: «Астана» «Браннды» жеңеді деп ойлаймын

Роман Муртазаев: «Астана» «Браннды» жеңеді деп ойлаймын

«Елімай» шабуылшысы, бұған дейін «Астана» клубында ойнаған Роман Муртазаев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Конференция Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Астана» мен «Бранн» арасындағы жауапты матчқа болжамымен бөлісті:

«Бұл Алматыдағы кездесудің алдында жақсы артықшылыққа ие болған өте мықты командаға қарсы ауыр ойын болады. Менің ойымша, есеп 2:1 «Астананың» пайдасымен аяқталады».

Айта кету керек, 2:1 есебімен «Астананың» жеңісі «Браннға» Конференция Лигасының тобына шығуға мүмкіндік береді, себебі олар өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Астана» - «Бранн» матчы 29 тамыз күні сағат 19:00-де өтеді. Тікелей көрсетілімді Sport Plus Qazaqstan арнасынан көре аласыз.



Күн шежіресі