Златан Ибрагимович Швеция құрамасы сапында соңғы ойынын өткізеді
Белгілі футболшы Златан Ибрагимович Швеция құрамасы сапындағы соңғы ойынын 8 маусымда Сербияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Швеция құрамасы Златан Ибрагимовичтің құрметіне қоштасу ойынын өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Кездесу 8 маусымда «Френдс Арена» стадионында Сербия құрамасы қарсы өткізіледі.
Футболшы былтыр созылмалы тізе жарақатына байланысты үлкен спортпен қош айтысқан еді. Златан футболшы мансабында ұлттық құрама сапында 122 ойын өткізіп, 62 гол соққан. Ол сондай-ақ ұлттық құрамасының сапында ең үздік сұрмерген атағына ие болған.
Әйгілі футболшы Швецияның 12 мәрте үздік ойыншысы атағын жеңіп алған. 2013 жылы үздік голы үшін Пушкаш премиясына лайық деп танылды.
Шабуылшы спорттық мансабында «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарында ойнаған.
Қазіргі уақытта Ибрагимович «Милан» клубының құрылтайшысы Джерри Кардиналенің кеңесшісі қызметін атқарады.