logo

Сергей Морозов Грекия - Қазақстан ойыны туралы: Жылдам гол соғып, қарсыласты бізге қажет сценарий бойынша ойнауға мәжбүрлеу керек

Сергей Морозов Грекия - Қазақстан ойыны туралы: Жылдам гол соғып, қарсыласты бізге қажет сценарий бойынша ойнауға мәжбүрлеу керек

Бұрынғы кәсіби футболшы және белгілі қазақстандық ММА жауынгері Сергей Морозов УЕФА Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасының матчында Грекия құрамасына қарсы текіресі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Шынымды айтсам, футболды қарауды қойдым, бірақ мен Қазақстан құрамасының жетістіктері туралы білемін. Расымен де, бұл тарихи сәт, өйткені бізге Еуроға шығуға екі қадам қалды. Бапкерлер штабы мен футболшылар ауқымды еңбек етті. Ойын туралы? Нәтиже тек бір Аллаға белгілі. Гректер шеберлік жағынан бізден бір саты жоғары, бәлкім, жылдам гол соғып, оларды бізге қажет сценарий бойынша ойнауға мәжбүрлеу дұрыс болар. Қорғаныста тәртіпті әрекет ету керек. Тәртіпті ойнау арқасында шеберлік айырмасын қысқартуға болады. Қалай болғанда да, футболдан біздің құрамаға ғана емес, барлық қазақстандық спортшыларға табыс тілегім келеді. Қасиетті Рамазан айында біздің спортшыларымыздың еңбегі абыроймен марапатталғанын қалаймын», - деді Морозов.

Сергей Морозов - Ақтөбе футболының түлегі. Футболға өмірінің 11 жылын арнады, шабуылдаушы жартылай қорғаушы және шабуылшы позицияларында ойнады. 17 жасында Бірінші лиганың өкілі «Ақтөбе-Жас» командасынмен келісімшартқа, бірақ Морозовтың футболдағы кәсіби мансабы 19 жасында аяқталды. Содан соң Морозовтың өміріне ММА келді.