logo

Максим Низовцев: Қазақстанның қәзіргі құрамы - ұлттық құрама тарихындағы ең мықтысы

Максим Низовцев: Қазақстанның қәзіргі құрамы - ұлттық құрама тарихындағы ең мықтысы

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Максим Низовцев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген эксклюзивті сұхбатында қостанайлық «Тобылдың» былтырғы еурокубоктық жорығын бағалады, Нұралы Әліптің «Зенит» құрамындағы бәсекелестігі туралы айтып берді, сонымен қатар Грекия – Қазақстан ойынының алдында қарсылас команда жанкүйерлерінен қандай әрекеттерді күту керектігін атап өтті.

- Максим Павлович, қазір қандай кәсіппен айналысып жүрсіз?

- Мен «Балтика» футбол клубының академиясында жұмыс жасаймын.

- Сіз Қазақстан чемпионатын бақылап отырсыз ба?

- Әрине, мен барлық матчтардың нәтижелерін білемін.

- «Тобыл» соңғы еурокубок кампаниясы туралы не айта аласыз? Өткен жылы команданың Еуропадаға нәтижелері сізді таң қалдырды ма?

- «Тобыл» еурокубокта өте жақсы өнер көрсетті, себебі 3 раундтан өтті. Төртінші раундта олар мықты қарсыласқа түсті, дегенмен бұл кезеңде қарапайым командалар жоқ екендігін ескеру қажет. «Тобылдың» жаңа маусымдағы бастапқы ойындары бойынша олар жақсы легионерлерді қатарға қосқанын және ойын сапасы артқанын бақылауға болады.

- Қазақстан чемпионатында легионерлер лимиті жойылды. Қазір клубтар маусымға 12 легионер және қазақстандық футболдың 12 түлегін тіркей алады, бірақ бір мезгілде алаңға 11 шетелдік футболшы шыға алады. Аталмыш өзгерістер лиганың дамуына көмектесе ме?

- Клубтың бапкері үшін футболшының азаматтығы қандай екендігі маңызды емес деп айта аламын, бірақ ұлттық құраманың бас бапкеріне қазақстандықтардың мүмкіндігінше көп ойын тәжірибе алғаны жақсы, өйткені Қазақстан құрамасына кандидаттардың таңдауы аз.

Максим Низовцев: Қазақстанның қәзіргі құрамы - ұлттық құрама тарихындағы ең мықтысы

- Ресей чемпионатындағы қазақстандық футболдың жалғыз өкілі - Нұралы Әліп. Оның «Зениттегі» ойыны туралы не айта аласыз? Жаңа бразилиялық қорғаушының келуімен ол ұзақ уақытқа бастапқы құрамнан өз орын жоғалтты деген пікір рас па? 

- Әліп чемпионаттың күзгі бөлігінде «Зениттің» бастапқы құрамының ойыншысы болды, алайда қазір ол қосалқы құрам ойыншысы. Бірақ Нұралы шетелдік футболшыларды еуропалық стандарттар бойынша қомақты қаржыға сатып алатын үлкен клубта ойнайтынын ұмытпаған жөн. «Зенитта» жинаған тәжірибе болашақта ол үшін өте пайдалы болуы мүмкін.

- Әліпке жақын арада мықты шетел чемпионатынан сұраныс болуы мүмкін бе?

- Менің ойымша, оны және Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларын еуропалық клубтардың селекционерлері бақылап отыр. Ұлттық құраманың ойыны және нәтижелері арқасында біздің жігіттер мұндай құрметке лайықты.

- Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижелері жақсарды. Команда туралы пікіріңіз?

- Іріктеу кезеңінде команданың барлық ойындарын тамашаладым. Менің ойымша, бұл құрам - ұлттық құрама тарихындағы ең мықты құрам. Қазіргі команда қарсыластарынан қорықпайды - бұл кезінде бізге жетіспеген қасиет қой.  

- Алда Қазақстан құрамасын соңғы жылдардағы ең жауапты матч күтіп тұр. Біздің құрама Еуро-2024 жолдамасынан екі қадам қашықтықта. Грекия құрамасына қарсы ойында ұлттық құраманың мүмкіндігін қалай бағалар едіңіз?  

- Менің ойымша, бұл матч - Қазақстан құрамасының тарихындағы ең маңыздысы, өйткені бұл ойындағы жеңіс бізді Еуропа чемпионатының финалдық турниріне жақындатуы мүмкін.

Максим Низовцев: Қазақстанның қәзіргі құрамы - ұлттық құрама тарихындағы ең мықтысы

- Қазақстан құрамасының жетістіктеріне көрші Ресейде назар аударды, оның ішінде көптеген ресейлік БАҚ біздің құрама туралы жиі жаза және айта бастады. Біздің отандастардың біршамасы Калининградта тұратындығын ескере отыра, бұл қаланың тұрғындары тарапынан құрамаға деген қызығушылық жоғары ма?

- Ресейді Қазақстан құрамасының жетістіктері таң қалдырды. Олар Қазақстан құрамасына жақын арадағы ойындарда тек сәттілік тілейді. Ал мен калиниградтықтардың құттықтауларын қабылдап, олардың тарапынан: бұрын Қазақстан құрамасы ойнаған кезде біз сізге ғана жанкүйер болатын едік, ал қазір бүкіл құраманың ойынына тамсанып отырмыз деген әзілдерді естимін.

- Қазақстан құрамасының қазіргі футболшыларының қайсысы Ресей клубтарын күшейте алады? Сіздің көңіліңізден шыққан ойыншылар бар ма?

- Үш ойыншыны қозғамай-ақ қояйын – бұл Нұралы Әліп, Абат Аыймбетов және Бақтиер Зайнутдинов. Олар жақсы чемпионаттарда өнер көрсетуде. Покатилов футбол стандарттары бойынша қазірдің өзінде өте тәжірибелі қақпашы, бірақ Стас негізгі құрамның ойыншысы кеш атанды. Менің ойымша, ол бірінші нөмірлі қақпашымен мәселесі бар Ресей командасын күшейте алады. Ислам Чесноков – өте қызық футболшы. Сонымен қатар Самородовты ерекше атап айтқым келеді, ол жігіт жасына қарамастан шеберлігі жоғары деңгейде.

- Қазақстандықтарға айтар тілегіңіз...

- Кезінде ЦСКА командасында бірге өнер көрсеткен ұлттық құрамасының бапкері Магомед Адиевке және барлық жанкүйерлерге сәттілік тілеймін! Сонымен қатар Грекия құрамасының жанкүйерлері өз командасын қызу қолдайтынына дайын болу керек. Олардың тарапынан арандатудың барлық түрін күтуге болады. Мысалы, грек жанкүйерлері ЦСКА баскетбол командасының Еуролига ойынының алдында қонақ үйге барып, шу шығарған кездері болды. Біздің құрамаға осындай тосын әрекеттерге дайын болу керек.