Қазақстан құрамасының бұрыңғы шабуылшысы мансабын медиа-футболда жалғастырады
Қазақстандық шабуылшы Алексей Щеткин ресейлік Rocket Team медиа-командасына ауысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өткен жылдың соңында 32 жастағы футболшы краснодарлық «Кубань» клубынан кетіп, қазіргі уақытта еркін агент ретінде. Команда сапында Rocket Records музыкалық лейблының әртістері де ойнайды.
Щеткин мансабы барысында «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Тараз», «Атырау» және «Ротор» сияқты клубтарда өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасы үшін 39 ойын өткізіп, үш гол соқты.