logo

Санатәлі Төлтаевтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды

Санатәлі Төлтаевтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев 21 қыркүйекте Алматыда Irfin Promotiom бокс кешінде қырғызстандық Сардар Ақышевпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan промоушеннің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

Санатәлі Төлтаев — Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі, Әлем чемпионатының қатысушысы және әуесқойлар арасында Азия жүлдегері.

24 жастағы спортшы кәсіпқой мансабында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қарсыласы Сардар Ақышев кәсіби рингте 12 жекпе-жек өткізіп, 11 жеңіске жетті (8 — нокаутпен) және бір рет жеңіліске ұшырады. 31 жастағы спортшы — бокстан Қырғызстанның бірнеше дүркін чемпионы.