Айдос Ербосынұлы: Дәрігерлер 99% спортқа оралуға болады деген пікір айтты
Белгілі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында өзінің боксқа оралуы туралы пікірін білдірді.
«Жаттығу жасап жүрмін. Жарты жыл бұрын Астанадан Бауыржан Рысбек деген бапкерім келіп, біраз қалпына келтірді. Соңғы жекпе-жектен кейін иығым ауырып, оны көтере алмай қалған едім. Сол маман мені қолдап, боксқа оралу деген құштарлықты қайта оятты. Қазіргі таңда денімді бабымда ұстап, жаттығып жүрмін, бірақ белсенді деп айта алмаймын. Жаңа жылдан кейін АҚШ-қа барып қаралған едім. Ол жақта дәрігерлердің біреуі боксқа оралуға болады десе, біреулері болмайды деп тұрды. Бірақ кейін Германиядан білім алып келген бір маман 99% спортқа оралуға болады деген пікір айтты».
Сұхбаттың толық нұсқасы: