logo

Санатәлі Төлтаев 63,5 келіде өнер көрсететін боксшыларға айтылатын сынға жауап қайтарды

Санатәлі Төлтаев 63,5 келіде өнер көрсететін боксшыларға айтылатын сынға жауап қайтарды

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Sport Plus Qazaqstan арнасында қонақта болып, жанкүйер тарапынан елімізде 63,5 келі салмақта бокстасатын спортшылар әлсіз деген пікірге жауап қайтарды. 

- Мен бұл пікірді қолдамаймын. Бұл пікір – қате. Бұл жерде бәрі боксшының бабы мен бағына байланысты. Біз бәріміз – адамбыз. Осы тұрғыда жігіттер шаршауы мүмкін, сонымен қатар Олипиадада психологиялық қысым өте жоғары. Олипиадада біздің боксшылар неге ұтылады? Себебі жауапкершілік өте жоғары, иыққа түскен жүкті көтере алмай, жанып кетеді, сол себепті ұтылып қалады. Бұл сын орынды емес деп ойлаймын. 

Санатәлі Төлтаев 2021 жылы (Белград, Сербия) және 2023 жылы (Ташкент, Өзбекстан) өткен бокстан екі Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.