Азиада-2026: дзюдошы Эсмигүл Куюлова қола жүлдеге ие болды

Азиада-2026: дзюдошы Эсмигүл Куюлова қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық балуан Эсмигүл Куюлова дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды спортшымыз 63 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Эсмигүл қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбекстандық Маржона Нуруллоевамен кездесті.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Дегенмен қосымша уақытта Эсмигүл «вазари» ұпайын еншілеп, жеңіске жетті.

Осылайша Эсмигүл Куюлова Азиадада Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салды.

Бұл отандасымыздың Азиададағы екінші қола медалі. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында қола алған еді.