Руслан Балтиев: Құрамамен жұмыс мен үшін өте құнды тәжірибе
Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарушы Руслан Балтиев алдағы Әзірбайжанмен ойын жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бұл өте құнды тәжірибе. Бірақ менің әлі де үйренерім көп. Дәл осы жігіттермен жұмыс істеуге мүмкіндік болғанына өте қуаныштымын. Біздің құрамада кіл кәсіпқойлар жиналған, сондықтан бұл ұжыммен жұмыс істеу қиын емес. Аяқдопшылар маған алаңда да, одан тыс та көп көмектесті. Сондықтан, Қазақстан құрамасында жұмыс істеу мен үшін — зор құрмет.
Құрамдағы барлық 25 ойыншы кез келген минутта алаңға шығуға дайын. Барлықғын бір сәтті шығаруға мүмкіндік жоқ. Жігіттерге өз ісіне шын ықыласпен кірісетіні үшін алғыс білдіргім келеді. «Ақтөбе» сапындағы Әлібек Қасым чемпионат лидерлерінің бірі алғашқы минуттардан алаңға шығуға әбден лайық. Біздің ойымызша, оның болашағы зор»