Еркін Тапалов жолдастық кездесуге қатыспайды
«Тобыл» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов бүгін Әзірбайжанға қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аяқдопшы Армениямен матч барысында қарсылас соққысына төтеп беру сәтінде жарақат алған. Тапалов ойын алдындағы жаттығуға өатысөан жоқ.
Әзірбайжан – Қазақстан ойыны 11 маусым Қазақстан уақытымен 19:00де Венгрияның Сомбатхей қаласында өтеді.
Бұл ойынды жаңа бас бапкер Станислав Черчесов тамашалайтыны белгілі болды. Ол өз қызметіне маусымдағы оқу-жаттығу жиынынан кейін кіріседі.