logo

Қайрат Нұрдәулетов мансабындағы басты өкініш туралы айтты

Қайрат Нұрдәулетов мансабындағы басты өкініш туралы айтты

«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Соққы және гол» YouTube-жобасында қонақта болып, футболшы мансабындағы басты өкініш туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Футболшы ретіндегі мансабымдағы жалғыз өкінішім - ол Чемпиондар лигасының топтық бөлігіне шыққан сәтте «Астанадан» кетіп қалдым. Станимир Стоилов маған командада қалуды ұсынды, бірақ ойнайтын бапкер ретінде. «Мүмкін сен кей кездері ойнайтын боларсың» деді ол. Енді менің ойымша, ол кезде қалу керек еді? Бірақ бәрі Алла Тағаланың қалауымен. Бәлкім, Чемпиондар лигасына бапкер ретінде жетіп қалармын, көреміз», — деді Нұрдәулетов.  

Футболшы ретінде Нұрдәулетов елордалық «Астана» сапында 128 матч өткізіп, 8 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Елордалық клубтан 2014 жылғы маусымның соңында кетіп, қызылордалық «Қайсар» клубына ауысты.