logo

Родригиньо «Семей» ойыншысы атанды

Родригиньо «Семей» ойыншысы атанды

МФК «Семей» 34 жастағы бразилиялық шабуылшы Родригиньомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Родригиньо бұған дейін Ресейдің «Норильский никель» клубында ойнаған, онда 218 матчта 53 гол соққан.

Сонымен қатар, ол Бразилия чемпионы және «Пату» құрамында Кубок иегері болған.