logo

Тоқаев өзіне жаңа клуб тапты

Тоқаев өзіне жаңа клуб тапты

Қазақстан құрамасының 24 жастағы ойыншысы Жомарт Тоқаев «Жетісу» клубына қайта оралды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тоқаев 2022/23 маусымында «Жетісудың» жаңа құрамында ойнап, 31 матчта 15 гол соққан болатын.

2023/24 маусымын «Семейде» бастаған ойыншы қаңтар айында «Атырауға» жалға берілді. Өткен маусымда ол 49 матчта 13 гол соқты.

Тоқаев 2021 жылғы әлем чемпионаты мен 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.