logo

Игита мансабын «Семейде» жалғастырады

Игита мансабын «Семейде» жалғастырады

МФК «Семей» 38 жасар қазақстандық атақты қақпашы Игитамен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жаңа маусымнан бастап әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы «Семей» құрамында өнер көрсететін болады», – деп жазады ел чемпиондары.

Еске сала кетейік, маусым айында Игита 13 жылдық қызметінен кейін АФК «Қайраттан» кетті. Аңыз қақпашы клубпен бірге 39 медаль, оның ішінде екі рет УЕФА Кубогын жеңіп алды. Ол Қазақстан ұлттық футзал құрамасының көшбасшысы болып табылады.