logo

Қазақстан құрамасы Тәжікстанды сенімді ұтты

Қазақстан құрамасы Тәжікстанды сенімді ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанға қарсы алғашқы жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын 3:0 есебімен Кака баптайтын Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Голдардың авторлары: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Ақжол Дәрібай.

24 тамызда Қазақстан мен Тәжікстан құрамалары екінші матчты өткізеді.