Ризабек Айтмұхан ММА-ға ауысу туралы мәлімдеме жасады
Еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында аралас жекпе-жекке ауысу туралы пікір білдірді.
«UFC-ді қараймын, қазақстандық жауынгерлерге жанкүйер боламын. Жалпы ер адамды еркек қылатын спорт түрлерін жақсы көремін. Шавкат ағамызбен араласып жүргеннен кейін, көбісі мені аралас жекпе-жекке көшеді деп ойлайды, бірақ менде ондай ой жоқ. Арасында тек өзім үшін ғана айналысып жүремін. Алда Олимпиада ойындары бар, қазақ еліне тұңғыш алтын медаль алып келгім келеді», - деді Айтмұхан.
Ризабек Айтмұханның біздің телеарнаға берген толық сұхбаты: