Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Мадияр Құрамысов Бішкекте өнер көрсеткен балуандарға баға берді
Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Мадияр Құрамысов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Бішкекте өткен лицензиялық турнирде өнер көрсеткен балуандарға бағасын берді.
- 57 келі салмаққа келетін болсақ, Ерасыл Мұхтарұлында шамалы қобалжу болды, жанып кетті деуге болады. Азанда тамак та дұрыс іше алмады, салмақты келтіре алмады. Үндістандық балуанда осал қарсылас емес, соның күресіне кіріп кетті. Ол оның күресі физика жағынан өте ауыр. 65 келіде күрескен палуан Майс Алиев – 20-жастағы жас бала. Ол барынша күресті, бірақ соңында қытайлық қарсыласпен күрескенде қателік жасады. Тәжірибе жетіспеді, ақылға салмады – 5 балл ұтып жатып, жеңісті беріп қойды. Негізі күресі ұнады, барын салып күресті. 74 келіде Нұрқожа Қайпанов өте нашар күресті, себебі дайындық кезінде де кішкене босап жүрді, кешкентай салмақтармен жұмыс істеді. Біз оған айтқан болатынбыз: ертен өз салмағында тізе тіресесін, сол себепті кішкене үлкен салмақ ал деп. Сол әсер етті деп ойлаймын. 97 келіде Әлішер Ерғали ойдағыдай күресіп берді. 125 келідегі балуан Юсуп Батырмұрзаев ерлік жасады. Оның бір осал жері бар: физикалық жағынан төзімділік жетіспейді. Төзімділігі бір периодқа жетеді, сол жағынан шыдады, батырлық жасады. Ал былай күресі мықты, әр түрлі әдістері бар. Юсуп Олимпиадада медаль алып келе алатын спортшы, — деді құрама бапкері.