«Қайрат» тәжірибелі қорғаушымен келісімшартты ұзартты

«Қайрат» тәжірибелі қорғаушымен келісімшартты ұзартты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы 39 жастағы беларусь қорғаушысы Александр Мартыновичпен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.

Биылғы маусымда футболшы барлық турнирде 31 матч өткізіп, 2 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Мартынович алматылық клубқа 2023 жылы қосылған болатын. Бұған дейін қорғаушы «Краснодар», Солигорскінің «Шахтёр» клубтарында және Беларусь ұлттық құрамасында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама сапында 70-тен астам матч өткізген.



Күн шежіресі