logo

Еркін күрестен Ризабек Айтмұқан алған жүлдесі жөнінде пікір білдірді

Еркін күрестен Ризабек Айтмұқан алған жүлдесі жөнінде пікір білдірді

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында жалауын көтерген Азия чемпионатында 11 сәуірде еркін күрестен күміс алған Ризабек Айтмұқан (97 келі) жүлдесі жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ризабек Айтмұқан былтыр әлем чемпионатында 92 келі салмақта жеңіс тұғырынан көрінсе, Азия чемпионатында күміске қол жеткізді.

Бұл салмақта көптеген мықты балуандар бар. Негізінде қай-қайсысымен де күресуге болады. Ол әркімнің өзіне байланысты. Құрлықтық додада екінші мәрте күміс алғаныма аздап өкінішім бар. Бұл жолы алтын болады деген үмітпен келгенмін.

Жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Бүгінгі қарсыласым — әлем чемпионы атанған мықты балуан. Аталған салмақта бәсекелестік күшейіп келеді. Бұл біздің шеберлімізді шыңдай түсуге оң әсерін тигізеді. Алдағы мақсатым — Олимпиада жолдамасына ие болу.

Сондай- ақ, жастар арасында да түрлі жарыстар бар. Әрбіріне тыңғылықты дайындаламыз, — деді ол.