Тарихи жетістік: Қазақстан Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен алғашқы медальдарын жеңіп алды

Тарихи жетістік: Қазақстан Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен алғашқы медальдарын жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Махұлбеков қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+.

Ардақ Нұрмағамбетов Үндістан өкілі Сандип Дангені 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал Әли Махұлбеков жартылай финалда Гонконг спортшысы Чжао Шуайға 0:3 есебімен есе жіберіп, қола медаль иеленді.

Бұл — Қазақстанның Азия Пара ойындары тарихында пара үстел теннисінен жеңіп алған алғашқы медальдары. 



Күн шежіресі