Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі

Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі

Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирін жеңіспен бастады. Бірінші айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы америкалық Александр Ковачевичтен басым түсті.

ATP әлемдік рейтингінде 39-орында тұрған және турнирде жетінші нөмірмен тіркелген 28 жастағы Циципас әлемнің 82-ракеткасын 7:6 (11:9), 3:6, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде грек теннисшісі жеті эйс жасап, екі қос қателік жіберді. 

Циципас бұл турнирге екінші рет қатысып отыр. 2022 жылы жарыс Астанада өткен кезде ол финалға дейін жеткен болатын. Грекиялық спортшы кәсіби мансабында ATP деңгейінде 13 титул жеңіп алды. Олардың қатарында Монте-Карлодағы Masters 1000 сериясының үш трофейі бар. Сонымен қатар ол Үлкен дулыға турнирлерінің финалында екі рет өнер көрсетті.

Almaty Open турнирінің екінші айналымында Циципас қазақстандық Михаил Кукушкинмен кездеседі. Бұған дейін 38 жастағы отандасымыз бірінші айналымда грекиялық Стефанос Сакелларидисті 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.

Алдағы кездесудің жеңімпазы ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына жолдама алады.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады. 



Күн шежіресі