Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық жарыста бақ сынайды

9 тамыз күні Ақтөбеде өтетін Wrestling Stars League 4 халықаралық турнирінде қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақта ел атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыластары – Ресейдің мықты спортшылары Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.
Бағдарламада сондай-ақ Дәулет Ергеш (79 кг) – Магомед Магомаев (Ресей) және Мейрамбек Қартбай (65 кг) – Нурсадык Нурдинов (Қырғызстан) сынды кездесулер бар.