logo

Еркін күрес шеберлері кілемге шығады: Венгриядағы турнирдің трансляциясы

Еркін күрес шеберлері кілемге шығады: Венгриядағы турнирдің трансляциясы

17 шілдеде Венгрияның Будапешт қаласында «Polyák Imre & Varga János Memorial» халықаралық күрес турнирі басталады.

Бірінші күні медаль үшін тартысқа еркін күрес шеберлері шығады.

57 кг салмақ дәрежесінде Қазақстандық Абзал Өкенов неміс балуаны Никлас Стечелемен кездеседі. Тағы бір қазақстандық Адилет Алмухамедов бірден ширек финалдан бастайды.

61 кг салмақта ел намысын қорғайтын қос спортшы да жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Адиль Оспанов грузин балуаны Гиорги Гонияшвилиге қарсы шықса, Асылжан Есенгельды кубалық Дилан Джозеф Шовермен белдеседі.

65 кг салмақтағы қазақстандықтар 1/8 финалдан бастайды. Шерхан Әбіл Нико Закашвилимен күш сынасады, ал Нұрсұлтан Садық іріктеу кезеңінің жеңімпазымен кездеседі.

70 кг салмақтағы балуандарымыз да іріктеуден өтуі тиіс — Егор Анчугин армениялық Арман Андеасянмен белдессе, Мейіржан Аширов мексикалық Остин Гомеспен кілемге шығады.

79 кг салмақта 1/8 финал сатысында екі қазақстандық-грузиндік жекпе-жек өтеді. Дәулет Ергеш Лука Чхитунидземен, ал Нұрлан Бекжанов Владимир Гамкрелидземен кездеседі.

97 кг салмақтағы іріктеуде Бекзат Үркімбай Словакияның атынан сынға түсетін Батырбек Цакуловпен күреседі, ал Нұрдәулет Бекенов литвалық Домантас Паулюшенкомен күш сынасады.

Ең ауыр салмақ — 125 кг — санатында Нұрсұлтан Азов АҚШ өкілі Трент Давид Хиллгермен кездеседі.

Іріктеу кезеңі сағат 13:30–да басталады.

B кілеміндегі тікелей трансляцияны sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі