Әлішер Ерғали: Токио Олимпиадасында төрешілер менің жеңісімді ұрлады
Еркін күрес шебері, Қазақстан чемпионы мен Азия чемпионатының жүлдегері Әлішер Ерғали Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Олимпиадаға дайындығы туралы айтты.
– Әлішер, алда келе жатқан Олимпиадаға дайындық қалай өтіп жатыр?
– Олимпиадаға дайындығым өте жақсы өтіп жатыр. Жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Биыл дайындық бұрыңғыға ерекше өтіп жатыр.
– Қазақстан чемпионатының финалында Ризабек Айтмұханмен болған жекпе-жекте жеңіске жеттін. Сол кездесу туралы айтып кетсен?
– Бәрі басқаша аяқталуы мүмкін еді. Жалпы финалға қатты дайындалдым, оған дейін Дағыстанда жаттығу жиынын өткіздім. Біріншіден 97 келі салмақта бірінші нөмерді дәлелдеу керек болды, екіншіден Париж Олимпиадасы күтіп тұрды.
– Токио Олимпиадасын еске түсіре салайық. Ол жерден өзін жүлдеге жете алмай қалдын. Соны еске түсіріп, айтып берсен?
– Ширек финалында түркиялық балуанмен күрескен едім, бірақ ол кезде жеңіске мен жеткен болатынмын. Төрешілердің қателігімен жеңісті қарсыласқа берді. Бұл нәтиже өмірімнің қиын сәттерінің бірі болды.
– Ризабек Айтмұханның потенциалы жайлы ойын қандай?
– Ризабек – жас, еңбекқор балуан. Одан бөлек артынан жастар еріп келе жатыр. Жалпы Қазақстанның еркін күресі қарқын дамуда.