logo

Еркін күрестен қазақстандық балуандар Олимпиадада үш салмақта бақ сынайды

Еркін күрестен қазақстандық балуандар Олимпиадада үш салмақта бақ сынайды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Стамбул қаласында өткен күрес түрлерінен Париж олимпиадасына әлемдік іріктеу турнирінде жолдама ала алған жоқ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еркін күрес шеберлері алты салмақтың үшеуінде жолдамасыз қалып отыр. Ел құрамасынан Әлішер Ерғали (97 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) пен Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) бұдан бұрынғы жарыстарда лицензияға қол жеткізіп үлгерген еді. 

Түркия жерінде өткен турнирде Рахат Қалжан (57 келі) қола медаль үшін күресте қытайлық Ваньхао Цзоуға есе жіберсе, жұбаныш белдесуінде Адлан Асқаров (65 келі) ресейлік Нургун Скрябиннен ұтылды. 

Ал Нұрғожа Қайпанов (74 келі) қола медаль үшін өткен кездесуде албаниялық Чермен Валиевтан айла асыра алған жоқ.

Айта кетсек, Олимпиадада грек-рим күресінде Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) ел намысын қорғайды.