logo

«Айдаһарлар» жеңісті аңсайды. «Порту» – АВС САД матчы тікелей эфирде

«Айдаһарлар» жеңісті аңсайды. «Порту» – АВС САД матчы тікелей эфирде

Португалия чемпионатының 26-тур матчында «Порту» АВС САД командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport+.  

Алдағы матчтың иелері — португалиялық футболдың алпауыттарының бірі болғанымен, соңғы кезде нәтижелері көңіл көншітпейді. Мартин Ансельми шәкірттері соңғы бес ойында төрт рет тең ойнап, бір рет жеңіліске ұшырады.  

Егер «Портуның» сәтсіз сериясы жалғасатын болса, команда чемпиондық бәсекеден мүлдем шығып, тек еурокубоктарға қатысу үшін күресуі мүмкін.  

АВС САД қазір төменгі лигаға түсіп қалу аймағында тұр, бірақ соңғы ойындарда жиі ұпай жинап жүр, бұл алаң иелеріне қиындық туғызуы мүмкін. Әсіресе, «Спортингке» қарсы өз алаңында 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, соңғы минуттарда тең нәтижеге қол жеткізгенін ескерген жөн.  

Айта кетейік, бірінші айналымда «Порту» қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.  

«Драгао» стадионында өтетін матч Астана уақытымен 15 наурыз күні 23:00–де басталады. Ойынды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі