«Бешікташ» қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады (видео)

Стамбұлдық «Бешікташ» «Коньяспормен» кездесісіп, Түркия Суперлигасында қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport+.
28-тур аясында «бүркіттер» сырт алаңда «Коньяспорға» 1:0 есебімен жол берді.
Жеңіс голының авторы — Угурджан Язгылы. Айта кетерлігі, алаң иелері екі қызыл қағаз алып, матчты тоғыз ойыншымен аяқтады.