«Фамаликаннан» сенсация күтуге бола ма? «Фамаликан» – «Спортинг» матчының тікелей эфирі

Португалия чемпионатының 26-тур матчында турнир кестесінің көшбасшысы «Спортинг» өз алаңында «Фамаликанды» қабылдайды, деп хабарлайды Sport+.
Соңғы турларда қонақтар тамаша нәтиже көрсетуде. Команда соңғы алты матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, екеуінде тең түсті. Егер соңғы бес турдың қорытындысын қарасақ, «Фамаликан» бұл кезеңде «Бенфикадан» кейінгі екінші орында тұр.
Алда команда Лиссабонға, қазіргі чемпион «Спортингке» қонаққа барады. Лиссабондықтар чемпионаттың көшбасшысы болғанымен, қарқын алған «Бенфика» өте жақын орналасқан, сондықтан «ақ-жасылдар» үшін алдағы матчтарда ұпай жоғалтуға болмайды.
Айта кетейік, бірінші айналымда «Спортинг» сырт алаңда 3:0 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын.
«Жозе Алваладе» стадионында өтетін матч Астана уақыты бойынша 15-нен 16-наурызға қараған түні 00:30–да басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.