logo

Қазақстан құрамасының «қола» үшін ойындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасының «қола» үшін ойындағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасы Канвонде (Оңтүстік Корея) өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының 3х3 хоккей турниріндегі үшінші орын үшін өтетін ойындағы қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екінші жартылай финалда Дания Австрияны 5:3 есебімен жеңіп, финалға шықты.

Сонымен, үшінші орын үшін өтетін матчта қазақстандықтар Австриямен ойнайды, ал даниялықтар Латвиямен алтын үшін бәсекелеседі. Екі ойын да 25 қаңтар күні өтеді.