logo

Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Испанияны қапы қалдырды

Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Испанияны қапы қалдырды

Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Отандастарымыз алтыншы ойынында Испаниядан келген қарсыластарын 14:4 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Енді топтағы соңғы бір ойын қалды. Жерлестеріміз бүгін түстен кейінгі 14:30 да Ұлыбританияға қарсы сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер Олимпиаданың алғашқы ойынында Польшаны 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен жеңгенін жазған едік.

 



Күн шежіресі