logo

Қазақстан хоккей құрамасы Латвияға есе жіберіп, жастар Олимпиадасында «қола» үшін ойнайды

Қазақстан хоккей құрамасы Латвияға есе жіберіп, жастар Олимпиадасында «қола» үшін ойнайды

Жастар арасындағы Қазақстан 3х3 хоккей құрамасы Канвонде (Оңтүстік Корея) Латвиямен жартылай финалдық ойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші кезеңнен кейін есеп прибалтикалықтардың пайдасына 9:1 болды. Екінші кезеңде есеп 2:2 болып теңесті. Үшінші кезеңде Латвия мықтырақ болып, 19:6 есебімен жеңіске жетті.

Латвия финалға шығып, Австрия – Дания жұбының жеңімпазымен кездеседі, ал Қазақстан жеңілген командамен қола медальдері үшін ойнайды. Шешуші ойындар 25 қаңтар күні өтеді.



Күн шежіресі