Допты хоккей: «Ақжайық» қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Николай Шавалдин жаттықтыратын команданың спортшылары бұл жолы Қазанда жергілікті «Ак Барс-Динамо-2» командасымен кім мықтыны анықтады.
Бірінші таймда қазандық бенди шеберлері 3:2 есебімен алда тұрды. Есесіне екінші кезеңде оралдықтар жауапсыз төрт гол соқты. Осылайша «Ақжайық» 7:3 есебімен алаң иелерінен басым түсті.
Батысқазақстандықтардан команда капитаны Максим Өтебалиев покер жасаса, ресейлік сұрмерген Максим Пахомов 2, Қуаныш Темірәлин 1 рет нысананы дәл көздеді.