Бақтиер Зайнутдинов: Мен Тараздан шыққан қарапайым жігітпін, жанымда Италия мен Бразилия құрамаларының футболшылары ойнайды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында әлем футболының жұлдыздарымен бірге ойнау туралы айтты, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Командадағы футболшылар қарапайым жігіттер. Бір сәт есімде, киім ауыстыратын бөлмеде отырып, ойланып кеттім: мен Тараздан шыққан қарапайым жігітпін, осындай деңгейде ойнауды армандадым. Сосын сол жаққа қарасам — Окслейд-Чемберлен, оң жақта — Эрик Байи. Кейін Италия мен Бразилия құрамасының ойыншылары Иммобиле, Габриэль Паулиста келді. Осындай сәттерде Аллаға шүкіршілік етемін. Маған осындай футболшылармен ойнауға, олардан үйренуге мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын», — деді Зайнтудинов.