logo

Қазақстан құрамасы шорт-тректен аралас эстафетада күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы шорт-тректен аралас эстафетада күміс медаль иеленді

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарайлы Sport+.

Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Ольга Тихонова, Абзал Әжғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Алина Әжғалиева және Малика Ермек қорғады.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.