Қазақстандық шорт-трекшілер Италиядағы жарыста екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы шорт-тректен Италияның Бормио қаласында өткен Alta Valtellina Trophy халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.
Нәтижесінде біздің құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Нұртілек Қажығали 1000 метр қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, ерлер командасы эстафетада үздік нәтиже көрсетіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.
500 метр қашықтықта Валерий Клименко күміс медаль иеленіп, екінші нәтиже көрсетті.