logo

Қазақстандықтар Сеулдегі World Tour турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандықтар Сеулдегі World Tour турнирінің жартылай финалына шықты

13 желтоқсанда Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) шорт-тректен World Tour турнирінің кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+.

Алғашқы күні халықаралық турнирдің іріктеу кезеңдері өтті.

Қазақстанның екі командасы жарыстың жартылай финалына шықты. Ерлер мен әйелдер құрамасы аралық эстафетада сәтті өнер көрсетті.

Жарыстың жартылай финалы 14 желтоқсанға жоспарланған.