logo

Қазақстан құрамасы элитада қалды

Қазақстан құрамасы элитада қалды

Хоккейден Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан топтағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan  Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

В тобындағы соңғы матч элитада қалатын команданы анықтайтын еді. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Польша құрамасын жеңді.  Есеп - 3:1. 

Қазақстан сапынан  Никита Михайлис (13-минут), Валерий Орехов (51) және Роман Старченко (55) көзге түсті. Қарсылас сапынан Камиль Валега (10) бір шайба соқты. 

Чемпионатта 6 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы элиталық дизивиондағы орнын сақтап қалды. Ал турнир кестесінің ең соңында қалған Польша бұл дивизионмен қоштасты. 

Айта кетелік, Қазақстан командасы элиталық дивизионға 2019 жылы оралған болатын.