Қазақстан ойыншысы рекордсмен атанды
Қазақстан құрамасының ойыншысы Әділ Бекетаев соққы күші бойынша әлем чемпионатының рекордсмені атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Швециямен ойында Қазақстан атынан жалғыз шайбаны соққан Бекетаевтың соққы жылдамдығы сағатына 162 шақырымды құраған.
«Ең мықты соққы көрсеткіші бойынша Әділ Бекетаев сағатына 162,38 шақырым жылдамдықпен шайба авторы атанды», — деп жазды халықаралық жоккей федерациясы (IIHF).