logo

Виктория Сазонова әлем чемпионатындағы ойын жайында пікірін білдірді

Виктория Сазонова әлем чемпионатындағы ойын жайында пікірін білдірді

Хоккейден Қазақстан әйелдер командаларының бас менеджері, экс-хоккейші Виктория Сазонова Sport Plus Qazaqstan сұхбатында ерлер құрамасының әлем чемпионатындағы ойыны жайында пікірін білдірді:

 «Мен болжам жасағанды ұнатпаймын. Тіпті өз командамның шамасын білсем де, айтпаймын. Оның себебі - жеңіс көп нәрседен құралады. Кеше Словакиямен ойында сәттілік қарсыласқа серік болды. Тіпті Шутовтың қақпасына соғылған буллит кезінде де. Андрей қарсыластың әр қимылын білді, дұрыс қозғалды, соның өзінде шайба қақпаға соғылды. Мен әділ жанкүйер ретінде командамыздың жеңісіне қуанып, нәтиже қарсылас пайдасына шешілген жағдайда ойыншыларымызды барынша қолдаймын»

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Францияны ұтып, кейін Словакияға есе жіберді.



Күн шежіресі