Қазақстан Чехиядағы әлем чемпионатында Латвиядан жеңіліс тапты
2024 жылғы хоккейден әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан құрамасы Латвия командасына қарсы ойнады, деп жазады Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ, екінші кезеңде Лавтия құрамасы Андрей Шутовтың қақпасына екі рет гол соқты. Соңғы жиырма минутта ештеңе өзгерген жоқ.
Осылайша, Қазақстан Францияны жеңді (3:1), кейін Словакиядан (2:6) және Латвиядан (0:2) ұтылды. Енді келесі кездесу 16 мамыр күні Швеция құрамасымен болады.