logo

Қазақстан Чехиядағы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы ойынына құрамын жариялады

Қазақстан Чехиядағы хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы ойынына құрамын жариялады

Бүгін, 11 мамырда, Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияда өтетін хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Франция құрамасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын Астана уақытымен 15:20-да басталады.

Команданың бас бапкері Галым Мамбеталиев ойынға құрамды таныстырды:

Шутов (Бояркин); Бреус — Метальников, Старченко (К) — Шестаков — Рымарев; Данияр (А) — Орехов, Савицкий — Омирбеков — Михайлис (А); Бекетаев — Диханбек, Панюков — Мухаметов — Муратов; Гайтамиров — Королев, Асетов — Бойко — Рахманов.

Еске сала кетейік, B тобында қазақстандық хоккейшілер сондай-ақ Швеция, Германия, Словакия, АҚШ, Польша және Латвия құрамаларымен ойнайды.



Күн шежіресі