logo

Қазақстандық хоккейшілер Словакиядан 2:6 есебімен жеңіліп қалды

Қазақстандық хоккейшілер Словакиядан 2:6 есебімен жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында 12 мамырдағы ойындардың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатқан дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Кеше, 12 мамырда қазақстандық хоккейшілер Словакиядан 2:6 есебімен жеңілді.

В тобында Латвия Францияны овертаймда 3:2 есебімен жеңсе, Швеция Польшаны 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал А тобында Финляндия Ұлыбританияны 8:0, Канада Данияны 5:1, Швейцария Австрияны 6:5 есебімен жеңді.

Енді 13 мамырда В тобында АҚШ пен Словакия, Германия мен Швеция, А тобында Швейцария мен Чехия, Норвегия мен Финляндия құрамалары ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 14 мамырда Латвияға қарсы өткізеді.